13.03.2026
2026 жылғы 19–29 наурыз аралығында қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Осы кезеңде бос уақытты мазмұнды әрі пайдалы өткізу үшін «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған арнайы іс-шаралар кешені ұйымдастырылады.
⛰ Демалыстың әр күні «Наурызнама» онкүндігімен байланысты болып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналады. Оқушылар «Таза Қазақстан» , «Еңбек адамы» , «Заң және тәртіп» бағыттары бойынша тадық жобаларға қтысып, азаматтық ұстанымдарын нығайта отырып, дестүрлі «Жер сағаты» акциясына да қосылады.
⏱ Сонымен қатар балалардың қауіпсиздігін қамтамасыз этотуге ерекше көңил бөлинеді. Ата-аналармен бірлесіп жол қозғалысы қауіпсіздігі , өрт қауіпсіздігі және киберкеңістікте сақтық шараларын сақтау мәселелері бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр.